Ұлы ақын әрі ойшыл, ағартушы, аудармашы, философ, компазитор, саяси қайраткер, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, біздің №14 «Балдырған» бөбекжайында ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқу «Абай оқулары» атты сайыс 4-5 жас тәрбиеленушілер арасында өтті.
Теледидар арқылы балаларға Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, қара сөздерінен үзінділер тыңдалып балалық шағына шолу жасалып көрсетілді. Бөбекжай директоры: Айгул Дюсенбаева қатысушы тәрбиеленушілерге сәт сапар тілеп сайысымызды ашып берді. Рухани асыл мұраларын насихаттау арқылы өлеңдерін, әндерін тәрбиеленушілеріміз көркем сөйлеп, мәнерлеп жатқа айта білді. III-орын «Қызғалдақ» тобынан Нұрғалиев Нұрислам, II-орын «Құлыншақ» тобынан Ербосынов Нұржігіт, I-орын «Құлпынай» тобынан Мұрат Раяна қанжығасына байласа. Бас жүлдені «Құлыншақ» тобындағы Есен Қайсар иеленіп үстіміздегі жылдың қазан айының 17 жұлдызында өтетін «Әсемпаз болма әрнеге...» атты қалалық Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу байқауына жолдама алды. Барлық қатысушыларға марапаттар мен сыйлықтар үлестірілді. Кішкентай лүпілдеген бала жүрегінде,күлімдеген көзінен қуаныш нұры шашылып, бал-бұл жайнаған жүздерін көру біз үшін үлкен бақыт. Артына өшпестей із қалдырған Ұлы ақын Абай атамызды тани білді, әліде ізденеміз десем де болады.
№14 «Балдырған» бөбекжай әдіскері:
Кисибаева Светлана Құндызбайқызы