oC






 


Құрметті ата – аналар !

Қарағанды облысы білім басқармасының  Жезқазған қаласы білім бөлімінің  «Балдырған» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып 2021 жылы бөбекжайымыздың атауы өзгерді.

Бөбекжайдың мекенжайы Жезқазған қаласы І.Есенберлин көшесі 7Б ғимарат.

Бөбекжайдың іргетасы 1976 жылы қаланған.

 2020 жылы 01.06-28.09. аралығында бөбекжай күрделі жөндеуден өтті.

Жылдан- жылға бөбекжайдың материалдық- техникалық базасы нығайып келеді. Кезең-кезеңмен жиһаздар жаңартылып келеді.

Бөбекжайдың сыйымдылығы 190 орын, 8 топ жұмыс істейді.

Бөбекжайда барлығы 48 адам жұмыс істейді, оның 23 педагог. 8 топтың 16 тәрбиешісінің 14 -де мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бар. 2 тәрбиеші осы мамандық бойынша дипломды 2021 жылы алады.

Бөбекжайда орыс тілі мұғалімі, бейнелеу өнері мұғалімі, педагог- психолог, логопед, музыка жетекшісі, хореогроф  және дене шынықтыру жетекшісі бар.Бөбекжайда 57%    педагогтердің  біліктілік санаты бар.

2019 жылы қараша айында бөбекжайда 3 топ ерекше білім беретін балалар үшін  инклюзивтік топ болып ашылды.

Қазақстанның ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты.   Жан-жақты жетілген, парасатты азаматты дайындау, олардың рухани жан дүниесін халық қазынасымен байыту, ата-баба дәстүрлерінің озық өнегелерін санасына орнықтыру үшін бөбекжайда жүргізілетін этнопедагогикалық тәрбие берудің маңызы зор.  Сондықтан да бөбекжай ұлттық  тәрбие беру бағытында басымдықпен жұмыс жасап келеді.

 Еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу.Біздің бөбекжайда баланың бойында балалар ұжымында өз бетімен өмір сүре алатын, бөбекжайдан кейінгі мектеп табалдырығына қандай да бір жетістіктермен өтуге, балалардың жан-жақты дамуына жағдай туғызып отырмыз.

Бұл мақсатқа жетуде жетістіктеріміз де аз емес.

-Жезқазған қаласының 65 жылдығына арналған балалар шығармашы- лығының аймақтық «Күміс қоңырау» байқауы. ІІ орын хореография 2019ж

-«Бірлігі жарасқан, Мәңгілік ел Қазақстан» Республикалық байқауы. Бас жүлде «Сән үлгісі» ,І орын хореография 2019ж

-«Жас қанатЖастар»Халықаралық конкурсы Іорын хореография 2019ж

-BiGStArS .KZ аймақтық байқау : хореография І және ІІ орын.

Абай Құнанбаев шығармаларынан І,ІІ,ІІІ орындар. 2020 жыл

-«Жеті өнер» республикалық байқау Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған . Есен Қайсар  жүлделі ІІ орын  25.01.2020 жыл

«Балдырған» бөбекжайында бүлдіршіндердің саналы тәрбие мен сапалы білім алуына жағдай жасалған.