Құрметті ата-аналар!!!
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп – өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Біздің елімізде де бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналып отыр. Әрине сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, тыныс тіршілігін тарылтатын қауіпті кесел. Бөбекжай әкімшілігі ата-аналармен онлайн жиналыстарында бөбекжай жөндеу жұмыстарына, жуғыш-қорғаныш заттарына және тағы да басқаларға ақша жинамау туралы әңгімелер жүргізілген болатын. Бұлай деп айтып отырғандағы себебіміз, оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Яғни, біздің бөбекжайымыздың бүлдіршін түлектері де «Қош бол, балабақшам!» деп 3 жылдай отырған алтын ұя бөбекжайымен қоштасады. Осы мерекелерге ата-аналар тарапынан ақша жинап, сыйлық алу жолдарына қатты тыйым салатынын ескерткіміз келеді. Қолдан келгенше тосқауыл қойылып, сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ екенін көрсете өзгелерге үлгі бола білейік.
Құрметті ата-аналар!
Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып 2021 жылы бөбекжайымыздың атауы өзгерді.
Бөбекжайдың мекенжайы Жезқазған қаласы І.Есенберлин көшесі 7Б ғимарат.
Бөбекжайдың іргетасы 1976 жылы қаланған.
01.06-28.09.2020 жыл аралығында бөбекжай күрделі жөндеуден өтті.
Жылдан-жылға бөбекжайдың материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Кезең-кезеңмен жиһаздар жаңартылып келеді.
Бөбекжайдың сыйымдылығы 190 орын, 8 топ жұмыс істейді.
Бөбекжайда барлығы 48 адам жұмыс істейді, оның 23 педагог. 8 топтың 16 тәрбиешісінің 14 тәрбиешіде мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бар. 2 тәрбиеші осы мамандық бойынша дипломды 2021 жылы алады.
Бөбекжайда орыс тілі мұғалімі, бейнелеу-өнер мұғалімі, педагог-психолог, логопед, музыка жетекшісі, хореогроф және дене шынықтыру жетекшісі бар. Бөбекжайда 57% педагогтердің біліктілік санаты бар.
2019 жылы қараша айында бөбекжайда 3 топ ерекше білім беретін балалар үшін инклюзивтік топ болып ашылды.
Қазақстанның ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Жан-жақты жетілген, парасатты азаматты дайындау, олардың рухани жан дүниесін халық қазынасымен байыту, ата-баба дәстүрлерінің озық өнегелерін санасына орнықтыру үшін бөбекжайда жүргізілетін этнопедагогикалық тәрбие берудің маңызы зор. Сондықтан да бөбекжай ұлттық тәрбие беру бағытында басымдықпен жұмыс жасап келеді.
Еліміздің айқын мақсаттарының бірі – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Біздің бөбекжайда баланың бойында балалар ұжымында өз бетімен өмір сүре алатын, бөбекжайдан кейінгі мектеп табалдырығына қандай да бір жетістіктермен өтуге, балалардың жан-жақты дамуына жағдай туғызып отырмыз.
Бұл мақсатқа жетуде жетістіктеріміз де аз емес.
Жезқазған қаласының 65 жылдығына арналған балалар шығармашылығының аймақтық «Күміс қоңырау» байқауы ІІ орын хореография 2019 ж.
«Бірлігі жарасқан, Мәңгілік ел Қазақстан» Республикалық байқауы Бас жүлде «Сән үлгісі», І орын хореография 2019 ж.
«Жас қанатЖастар» Халықаралық конкурсы І орын хореография 2019 ж.
BiGStArS.KZ аймақтық байқау: хореография І және ІІ орын.
Абай Құнанбаев шығармаларынан І, ІІ, ІІІ орындар 2020 жыл
«Жеті өнер» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалық байқау Есен Қайсар жүлделі ІІ орын 25.01.2020 ж.
«Балдырған» бөбекжайында бүлдіршіндердің саналы тәрбие мен сапалы білім алуына жағдай жасалған.