Құрметті қонақтар, әріптестер, ата-аналар бүгін біздің бөбекжайда
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» («Балалар кітапханасы») жобасы аясында
«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» сайысына қош келдіңіздер.
Бұл сайысқа ортаңғы және ересек топтарының тәрбиеленушілері және ата-аналары қатысады.
Ортаға
- «Құлпынай» тобының тәрбиеленушісі Жасұлан Інжу (3 жас) мен анасы Қабдула Жадыра Жүзбайқызы
- «Еркетай» тобының тәрбиеленушісі Болатбек Аңсар (4 жас) мен анасы Тұрар Арайлым Сейтжанқызы
- «Бауырсақ» тобының тәрбиеленушісі Амантай Жігер ( 4 жас) мен анасы Бесимова Анар Сайлаубекқызы
- «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Сәулен Кәусар ( 5 жас) мен анасы Жасынбекова Бақытжан Жасынбековна
- «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Дана Дарын ( 5 жас) мен анасы Бекішова Марал Сәбитқызы
- «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Мирвалиев Хабиб ( 5 жас) мен анасы Мусаева Умида Абу-Райхан қызы
Бүгінгі сайысымызды ашу үшін бөбекжай директоры:
Шайкежанова Аманкүл Сейілғазықызына сөз беріледі.
Мақал — мәтел дегеніміз не?
Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал — мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал — мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
Ал жұмбаққа келсек, қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түрін, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды.
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын айтылады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған.
Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін
- Бөбекжайымыздың директоры:
- Шайкежанова Аманкүл Сейілғазықызы
- Серіктес «Айналайын» бөбекжайының әдіскері:
- Рақымжан Айдана Қонайқызы
- Бөбекжайымыздың әдіскері: Кисибаева Светлана Құндызбайқызы
Құрметті қатысушылар жеребе алыңыздар
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады
1.Таныстыру
2.Кім көп біледі?
А) (мақалдың жалғасын табу)
1.Өз елім-(өлең төсегім)
2.Атаның көңілі балада (Баланың көңілі далада)
3.Құтты қонақ келсе, (қой егіз табады)
4.Оқу-білім бұлағы (Білім –өмір шырағы)
5.Тісі шыққан балаға (шайнап берген ас болмас)
6.Досы көпті ( жау алмайды )
Б) (суретке қарап мақал құрастыру)
3.Кім тапқыр? (жұмбақтың шешуін табу)
1.Ти десем тимейді,Тиме десем тиеді ( Тіл)
- Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. ( Сиыр) - Әшейінде жекесің қарай қалсаң екеусің (Айна)
- 4. Тілдерімен жүреді Уақытты біледі ( Сағат)
- Таппайтын тағат Тығулы сағат (Жүрек)
6.Тоңғақты таниды,Беті қолды қариды (Аяз)
4.Пазл арқылы мақал-мәтел құрастырып жауабын табу (бала мен ата-ана)
- Үй тапсырмасы «Ақылды бала» (бала отбасы және Отан туралы қанша мақал мәтел біледі екен)
6.Шапшаң сөйле (жаңылтпаштар айту)
- Шақпақ тасты, аппақ тасты
Шақпақшы шал
Шығып, шашты. - Күш, күш, күшігім,
Қарда жатсаң үсідің.
Кір, кір, үйге, күшігім,
Ки көкемнің ішігін! - Ұстара, ұстара!
Ұстара мұрт алуға
Құштар, ә!
Құштар, ә! - Жаға жай,
Жағажайда – Қамажай. - Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды. - Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.
Қорытынды