Біздің «Балдырған» бөбекжайында «Әжемнің ертегісі», «Алғашқы ұстаз ата-ана» жобаларын іске асыра отырып, тәрбиеленушілердің сауаттылығын дамыта отырып, кітап досы екенін әр балаға жете түсінік беріліп, кітаптың іші тұнған ақыл-кеңес сөздер, ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, Отаның, туған өлкең, туған жер мен сыйқырлы сандарға толы екені, оны ұқыпты ұстау, жыртпай қастерлеу керектігін үйрете отырып, іс-шаралар жүргізілді. Іс-шараға Алпамыс қонаққа келіп тәрбиеленушілерге кітап жайлы жұмбақтар жасырып, қысқаша мағұлматтар берді.
Кітап туралы бейнероликтер, көрмелер, өздеріне ұнаған суреттер арқылы «Болашақ кітабы» аппликациялап кітапшалар жасады. «Кітап қайдан келеді?» тақырыбында сабақтар өткізілді. «Сыйқырлы құлып» квест ойынын ойнау арқылы тапқырлықтары мен жылдамдылықтары байқалды. «Жомарт және сараң», «Алтын балық», «Жеті гүл» ертегілерін теледидар арқылы көріп, театрландырды және берілген тапсырма бойынша жұмыстар жүргізілді. Бір-бірлеріне «Естелік кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер де, ата-аналарда бір кісідей ат салыса қатысты. Бұл апталықта үйде отырған балалармен де, ата-аналар мен біріге біраз жұмыстар қызыға жүргізіліп ертегілер оқылды. Ата-аналар мен «Ертегі терапиясы» жүргізілді.
Тәрбиеленушілер Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» ертегісін оқу, талдау, оқыған ертегіні театрландыру арқылы көрсетті, ертегілердің суреттерін салу арқылы, аппликациялау арқылы өз-өздерін бағалап қызықтады. А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Әлімбаев және А.С.Пушкиннің кім екені жайлы мағұлматтар алып, олардың шығармаларымен танысып, мәнерлеп оқыды. Аптаның соңғы күнінде Алпамыспен қоштасып, келесі «Қызықты математика» аптасының іс-шарасымен таныстырылды.