КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайында 2020 жылдың маусым айынан бастап күрделі жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеу тендірін «Құрылыс Е.Молдашев» жеке кәсіпкер ұтып алып жүргізді. Күрделі жөндеу «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілді. Жөндеу жұмыспен айналысқан 42 адамның 21-і жұмыспен қамту орталығынан болды.
Күрделі жөндеу барысында:
а) бөбекжай ғимаратының сырты сайдинг пен қапталды;
б) төбесі қайта жабылды;
в) жылу, суық су, ыстық су, кәріз құбырлыры ауыстырылды;
г) барлық қабырға және еден кафельдері жаңартылды;
д) барлық қолжуғыштар мен дәретке отырғыштар ауыстырылды;
е) қабырға мен төбе сыланып, бояумен сырланды;
ж) барлық жылу батареялары ауыстырылды;
з) терезелер пластикке ауыстырылды;
и) линолеумдер мен плинтустар ауыстырылды;
к) электр желілері мен өрт сөндіру құбырлары ауыстырылды;
л) есіктер мен құлыптар ауыстырылды;
Күрделі жөндеу кезінде жұмыскерлер тарапынан да, бөбекжай қызыметкерлері тарапынан да техника қауіпсіздігі мен карантин талаптары сақталды.
КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайының 2020-2021 оқу жылында материалдық техникалық базасы нығайып, бүлдіршіндердің саналы тәрбие мен сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып 28.09.2020 жылы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Бөбекжайдағы кезекші топтар санитарлық талаптарды орындай отырып жұмыс жасап тұр. Жөндеуден өткен бөбекжай балаларына бақытты балалық шақ, ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.