КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайының қамқоршылық кеңесінің отрысы 07.0.25020 жылы өтті.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне алдын ала хабарлама берілді.
Отырсқа қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері түгел қатысты.
Отырысты №14 «Балдырған» бөбекжайының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Түсіпов І Б жүргізді.
Қамқоршылық кеңесінің отырысына Жезқазған қаласының білім бөлімінің тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі - Жакупбекова Г.Н қатысты.
Жакупбекова Г.Н қамқоршылық кеңестің мүшелеріне КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайының директор лауазымы бойынша бос орынға кандидат А Дюсенбаева жайында мәліметпен және қамқоршылық кеңес жұмысының ережесін қысқаша айтып өтті.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы -Түсіпов І.Б бөбекжайдың алдағы үш жылға арналған даму стратегиясын таныстыру үшін, кандидатқа сөз берді.
Кандидат –А Дюсенбаева КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайының
2020-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын өзі жасаған слайд арқылы таныстырды.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы және мүшелері бөбекжайдың 2020-2023 жылдарға арналған даму стратегиясының мақсаты , мазмұны өте өзекті әрі жан-жақты жасалған дей келе, ашық дауыс беру арқылы бірауыздан қамқоршылық кеңестің 9 мүшесі КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжай директорының бос орнына кандидат А.Дюсенбаеваны директор лауазымына лайық деп шешті.
Қамқоршылық кеңес мүшелері Айгуль Дюсенбаеваға алдағы уақытта бүлдіршіндердің саналы тәрбие, сапалы білім алуы үшін және бөбекжайдың материалдық- техникалық базасын нығайту жолында жасап жатқан еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.