oC

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң – арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан, -

деп Абай атамыз айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтаны боласың демекші, Ұлы ақын әрі ойшыл, ағартушы, аудармашы, философ, композитор, қоғам қайраткері, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл даталы мерей тойына орай жер-жерлерде іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осынау мерейлі датаға орай  №14 «Балдырған» бөбекжайында биылғы оқу жылының қазан айында бөбекжайішілік тәрбиеленушілер арасында ақын өлеңдерінен үзінді оқудан «Абай оқулары..., «Абайды тани білейік» атты сайысы өткізілді. Сайыстан жүзден жүйрік шыққан, Бас жүлде иегері – «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі: Есен Қайсар, тәрбиешілері: Омарбекова Б.С. мен Такауова Қ.А., қараша айында №5 «Тамаша» бөбекжайында өткен қалалық «Әсемпаз болма әрнеге...» байқауына қатысып, III дәрежелі Дипломды қанжығасына байлап қайтты. Сонымен тоқтап қана қоймай, қаңтар айында Сәтпаев қаласында өткен «Мәңгілік ел алыптары» Республикалық рухани-патриоттық байқауына да қатысып, II дәрежелі Лауреат атағын иеленіп қайтты. Біздің бөбекжай тәрбиеленушілері Жезқазған қаласында өткен «BiG StArS Kz» - II  Аймақтық байқауда Абай өлеңдерін оқып жүлделі орындарға ие болды және басқада сырттай (онлайын) байқауларға да қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап жүрді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан педагог-тәрбиешілер мен директор:Дюсенбаева А., әдіскер:Кисибаева С.Қ., Сердалинова М.А., Абдрахманова А.А., Асанова Ж.Т., Омарбекова Б.С., Такауова Қ.А., Оспанова Ә.Е., Өмірәліқызы А., Кубоктар, Дипломдар мен Алғыс хаттарға ие болды.   

    

 

Жылдағы дәстүр бойынша қараша айында «Қатынас» апталығы өтті. Барлық педагог-тәрбиешілер ата-аналар мен тәрбиеленушілер арасында тығыз байланыста болып, тартымды жүргізді. Апта бойы көрме, ашық ҰОҚ көрсетіп, Абай Құнанбаев – табиғат жыршысы екенін дәлелдеді. Апталық өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Осы апталық туралы бірінші санатты тәрбиешіміз Оспанова Ә.Е. «Абай Құнанбаев – табиғат жыршысы» атты облыстық педагогикалық «Ізденіс» газетіне мақаласы жарыққа шықты.

Наурыз айының соңғы күндерінде бөбекжайішілік педагог-тәрбиешілер арасында «Абай – дара, Абай – дана қазақта!» атты үлкен байқау өтті. Педагог-тәрбиешілеріміз Абайды сомдап, қара сөз-өлең-жыр-әндерінен үзінділер оқып, бейне-роликтер дайындап,  көрермендердің көңілінен шыға білді. Жүзден жүйрік шыққан жас маман «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Өмірәліқызы Айнұр Бас жүлде иегері атанды. Ал I орынды қанжығасына «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Такауова Қалимаш Айтмағанбетқызы байлады. II орын иегерлері: Кулжабаева М.Т. мен Атшыбаева Б.Ә.; III орын иегерлері: Құтжанова Т.А., Булегенова М.Қ., Марат М.Д. Ал «Ұстаздық еткен жалықпас» номинация иегері: Амантай Ә.А.; «Көркем сөз шебері» номинация иегері: Қарашбай А.А.; «Әнді сүйсең менше сүй» номинация иегері: Асанова Ж.Т.; «Абай – табиғат жыршысы» номинация иегері: Шаймерденова Г.М. қанжығаларына байлады.

 

Бөбекжайымызда өткен қандай іс-шаралар болмасын бөбекжайымыздың директоры Айгуль Дюсенбаеваның басшылығымен, қолдауымен іске асып отырады. Ұйымдастырылған іс-шараларға бөбекжай атынан Мақтау қағаздары мен Абай Құнанбаевтың кітаптары (Мақал- мәтелдерін, өлең-жырларын, томдық кітаптарын) сыйлыққа берілді.

 

Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн.

 

 

                                                                                 Жезқазған қаласы КМҚК №14

«Балдырған» бөбекжай әдіскері: 

Кисибаева Светлана Құндызбайқызы