Біздің Жезқазған қалалық білім бөлімі, №14 «Балдырған» бөбекжайында былтырғы, яғни 2018-2019 оқу жылынан бастап, білім беріу саласының бес облысы бойынша апталық өткізуді жоспарлаған болатынбыз.
2018-2019 оқу жылында «Таным» білім беру саласы бойынша толық меңгерсе, биылғы 2019-2020 жаңа оқу жылында баланың тілдік құзіреттілігін дамыту мақсатында «Қатынас» апталығын өткіздік.
Мақсаты: Тілдік құзіреттілігін қалыптастыра отырып, сөйлеу барысында сөздік қорын дамыта, мүмкіндігі бар және айналасындағылармен еркін қарым-қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
Барлық топтарда ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өз жас ерекшеліктеріне қарай жоспар бойынша жүргізілді. «Үштілділік – заман талабы» - дегендей Елбасымыз үш тұғырлы тіл саясатын жыл сайынғы Жолдауында нақты атап көрсетіп келеді.
«Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, біздің бөбекжайда да ерекше 4-5 жас «Бауырсақ» тобында үштілде «Бауырсақ» ертегісін сомдады.