Біздің Жезқазған қалалық білім бөлімі №14 «Балдырған» бөбекжайында 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай іс-шара жүргізілді.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау) Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген қазақ елі Мереке құтты болсын! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақстанымыз көк туын, көк аспанда желбіретіп, алдыңғы қатарлы дамып, өркендеп келе жатқан мемлекеттердің бірі болды. Тәуелсіздік – ел мұраты. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі күн. ҚР Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдыны қайта Егеменді ел болған күні.
Т –білдіреді теңдікті
Ә –әдептілік ,өрлікті
У –уайымсыз уақытты
Е –егемендік елдікті
Л –дейді лағып лепірме
С –сенімділік секілді ең
І –ілтипат пен ізет ғой
З –зиялылық тілек қой
Д –шақырады достыққа
І –ілкімді боп сақтыққа
К –дейді күн бол көктегі
ТӘУЕЛСІЗДІК - жасай берсін мәңгілік!!!