Біздің Жезқазған қалалық білім бөлімі, №14 «Балдырған» бөбекжайында былтырғы, яғни 2018-2019 оқу жылынан бастап, білім беріу саласының бес облысы бойынша апталық өткізуді жоспарлаған болатынбыз.
2018-2019 оқу жылында «Таным» білім беру саласы бойынша толық меңгерсе, биылғы 2019-2020 жаңа оқу жылында баланың тілдік құзіреттілігін дамыту мақсатында «Қатынас» апталығын өткіздік.
Мақсаты: Тілдік құзіреттілігін қалыптастыра отырып, сөйлеу барысында сөздік қорын дамыта, мүмкіндігі бар және айналасындағылармен еркін қарым-қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
«Қатынас» апталығын бөбекжай директоры: Айгүл Дюсенбаева ашып, ұжымға СӘТТІЛІК тіледі. Апталық іс-шаралырының жоспарымен бөбекжай әдіскері: Кисибаева Светлана Құндызбайқызы таныстырды.
Бөбекжай педагог-психологі: Булегенова Маржан Қайратқызы «» атты тренинг өткізіп қыздарымызды бір серпілтіп тастады.
Байланыстырып сөйлеу арқылы, сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету. Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау. Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру. Шығармашылық тілін дамыту арқылы, шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету. Сол арқылы баланың тілі дамиды. Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру, өздері білетін ертегілерді драмалау. Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.
Қорыта келгенде, әр алдымыздағы тәрбиеленуші бір-бір тұлға екенімізді естен шығармауымыз керек. Оларға жан-жақты тәлім-тәрбие мен білім нәрімен сусындандыру біздің алға қойған тікелей міндетіміз десем артық айтпаған болар едім.
Бөбекжай әдіскері: Кисибаева Светлана Құндызбайқызы.