Біздің Жезқазған қалалық білім бөлімі №14 «Балдырған» бөбекжайында «Алтын күзім ырысым» атты барлық топтардың арасында іс-шаралар өтті.
Мінеки, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлетіп, жерге алтын кілем төселгендей Алтын күзімізде келді. Бұл көне шаһар төріне өзінің басқа маусымдарға ұқсамайтын ырысы мол жыл мезгілі. Күн қысқарып, түн ұзарды. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп, табиғат адамға осылай да әсер етеді. Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы, қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар. Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан, күз-молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.
Ал күз, біздің бөбекжайымызға мол өнімін сыйға тартуда. Осы мезгілде бізде «Алтын күзім ырысым» атты ертеңгіліктер мен ата-аналардың көмегімен көрме ұйымдастырылды.Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтті және қатысушылардың барлығына бөбекжай директоры: Айгуль Дюсенбаева алғысын білдіріп, Мақтау қағаздарымен марапаттады. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймыз.
Бөбекжай әдіскері: Кисибаева Светлана Құндызбайқызы