oC

Жезқазған қалалық Білім бөлімінің КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайы 2019 – 2020 оқу жылын жаңа, жақсы жаңалықтармен қарсы алдық. Себебі, біздің еңбегіміз бағаланып жатыр.

 

Оған бірден – бір себепші әрине, біздің ұжым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дегендей ауыз біршілікте, татулықта, ұйымшылдықта жұмыс істей білгендіктен ұжымымызға алғысымыз шексіз демекпіз. А.С.Макаренко: «Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып  табылады» , - деп жазған. Ал, сол ұжымымыз бүгінде алға қойған мақсаттарымызға жетуге бірден – бір себепші деп тағы айтып өткім келеді.Қала әкімінің сыйына «Мектепке дейінгі мекеменің үздік педагогы» 200 мың теңге сыйақы, сертификат, құрмет лентасы, дипломы мен жеңімпаз белгісі иегері бөбекжай директоры – Айгуль Дюсенбаева атанса, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен бөбекжай әдіскері – Кисибаева Светлана Кундизбаевна марапатталды. «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қарағанды филиалының құрамындағы бөбекжайларда елеусіз қалған жоқ. Солардың бірі, біздің бөбекжайдан көп жылғы еңбегі еленіп тәрбиешіміз Толешова Калдыкуль Бакировна мен көмекші тәрбиеші Базилова Боранкул Омаровналарды Құрмет грамотамен 10 мың теңге сыйақы және гүл шоқтарымен марапаттаса, бөбекжай директорларынада, яғни директор – Айгуль Дюсенбаевағада Құрмет грамотамен гүл шоқтары табысталды. Ұжымның ұмысы алға басу үшін әрбір мүше ізденіспен, шығармашылықпен айналысуы тиіс. Әріптестеріме бірінші денсаулық, отбасының амандығын, екінші шығармашылық тілеймін. Тек қана АЛҒА, Балдырғанның ҰЖЫМЫ!!!


                            Бөбекжай әдіскері: Кисибаева Светлана Құндызбайқызы