oC

 Кисибаева Светлана Кундизбаевна,

Жоғары біліктілік санатты, жоғары                                                                                                                                                                                                                                                                        білімді, №14 «Балдырған» бөбекжай әдіскері

                                                              

                                    

                                         

 Балалардың бал мекені.

 

КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайы - тәрбие барысын ұлттық рухта жүргізетін мектепке дейінгі білім беру мекемесі.

 

№14 «Балдырған» бөбекжайы оқыту мен тәрбие беру бағыттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алған. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, сауықтыру шараларын жаңа бағытта өткізіп,зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін отбасымен бірлескен қарым - қатынас барысында реттейтін инновациялық типтегі мекеме. Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі.Бөбекжай бойынша жалпы 8 топ бар.

   

 

Қазіргі заман талаптарына сай оқу-тәрбие ісін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынын негізге ала отырып, ұлттық педагогикалық бағытта жетілдіруде. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, ақыл-ой қабілеттерін, дене бітімінің дұрыс дамуына бағытталған оқу-тәрбие шаралары жүйелі түрде өткізіліп отырады. Әр топ заман талабына сай пәндік дамытушы ортамен және бес білім беру саласынның қажеттілігіне лайық деңгейде қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жылдық жоспар бойынша бөбекжай ішілік іс – шаралар жүргізіліп тұрады. Ұлттық нақышта «Әжелер» клубы жұмыс жасайды.

 

 

Жаңа заман талабына сай жаңа технология арқылы тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпаққа халқымыздың тарихынан мағұлмат бере отырып ұлттық тәрбие беру.

 

Әже – отбасының алтын қазығы. Шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді.

 

Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі.

 

Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт "Тәрбиелі бала", "Көргенді бала" деп баға беріп жатады. Өйткені,        әженің мейіріміне бөленіп, тәрбиесін алып өскен бала үй шаруасына бейім болады, өзі мейірімді, адал болып өседі – дейді этнограф.

 

Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала басқаша болады, айналасының да көзқарасы оған ерекше. Өйткені ауыл үлкендерінің жанында жүріп, олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасады. Сондықтан әжелерді таптырмас тәрбие мектебі дейміз.

 

 

Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-әжесі қалыптастырған. Сонымен қатар ұлттық тәрбиенің, ізгіліктің дәнін әжелер сепкен. Ата мен әженің тұңғыш немересін бауырына басып, өз баласынан артық бағып-қағуында үлкен мән бар. Бұл – әке мен баланың, ене мен келіннің арасындағы сыйластықтың да бір белгісі. Ал көргенді қарт ата мен әже балаға өзінің әке-шешесін құрметтеуді үйретеді.

 

Сол мақсатта біздің бөбекжайда көптеген іс-шаралар жүргізілді.  Бөбекжайда ашылған «Өлкетану» көрмесіне жәдігерлер жинақтала бастады.

 

  

   

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жезқазған қаласының білім бөлімінің №14 «Балдырған» бөбекжайында «Өлкетану» мұражайының іргетасы қаланып, алғашқы жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.  «Өлкетану» мұражайының бастамасын тамашалаған ата-аналар мен бөбекжайға келушілер ондағы жәдігерлердің бүлдіршіндерді туған жерін құрметтейтін, оның тарихы туралы білетін, Отанын сүйетін нағыз патриот тәрбиелеуде дәл бүгінгі күні өзекті екенін айтып жатты.

 

  

 

«Өлкетану» мұражайын ашуды жоспарлап, мұрындық болып жүрген №14 «Балдырған» бөбекжайының директоры – Айгүл Дюсенбайқызы басқарып отырған ұжым,алдағы уақытта да мұражайды жәдігерлермен толықтырып, қала жұртшылығы тамашалайтындай жағдайға жеткізуді мақсат тұтады және сол үшін шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оспанова Асем Елемесқызының «Туған өлкем – қандай көркем» тақырыбындағы жобасында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді  Кеңгірді  табиғатымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды танып, біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастыру, айнала қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту арқылы жүргізуде және де осы тақырыпта Жезқазған өңірі жайлы жазған ақын жазушылардың 100 өлең жинақтарын жинақтап кітап та жазып шығарды.

 

 «Әжелер» клубының көмегімен көрмеге «Торсық» пішінді шыныаяқтар, «Ұлытау» кітабы, Нұрсұлтан Назарбаев кітабы сыйға тартылды.«Әжелер» клубының мүшесі Оспанова Ә.Е. Бейнелеу өнері мұғалімі Амантай Әйгерім Амантайқызы жүргізген «Сырмақты әшекейлеу» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу қызметінде клуб мүшелері Ата мен Әже ролін ойнап, балаларға қазақ халқының қолөнерінен түсінік берді. Үш топта «Көрікті көктем ханшайымдары» сайысы ұйымдастырылды. Осы сайысқа  клуб мүшелері әжелер: Омарбекова Б.С., Оспанова Ә.Е., Аушакимова А.И., Тулешова Қ.Б., немерелері қатысты. Әжелер немерелеріне ақ тілектері мен баталарын берді. «Әжелер» клубы жас ата-аналар мен ересектер тобының балаларының қатысуымен «Киіз басу» технологиясын көрсетті. Бөбекжай ұжымына «Әжелер» клубының мүшесі Барысова Г.К «Кілем тоқу» станогымен «Алаша» тоқу технологиясын көрсетті.«Ұршық иіруді» «Әжелер» клубы мүшелері көрсетті.

 

Осы іс-шараларда түсірілген материалдар «Парасат» кәсіби қоғамдастығының тәжірибе-семинарында көрсетілді.

 

 

Бөбекжай ауласына «Шаңырақ асты құт мекен» жоба жетекшісі Амантаева Бибигуль Жунусбековнаның ши тоқып «Киіз үй» құру дәстүрге айналған. «Әжелер» клубының басқаруымен бөбекжайда Ораза ұстағандарға ауызашар берілді.

 

 

 

Дене шынықтыру жетекшісі Кулжабаева Марина Тезекбайқызы «Қымыз- қазақтың өркениетке қосқан үлесі» тақырыбындағы жобасы аясында «Әжелер» клубының қатысуымен «Қымызмұрындық» ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі «Күбі ыстау» тәртібін көрсетті.

 

  

 

Балалар ұлттық ойындар ойнады. Дастархан жайылып, балалар мен шақырылған қонақтарға қымыз берілді.

 

 

Аушакимова Асем Иманғалиқызының «Ұлттық тәрбие» тақырыбындағы жобасы бойынша  ұйымдастырылған оқу қызыметінде қамшы өру технологиясы мен қамшының негізгі бөлігімен таныстыра отырып, Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған, атты айдап жүргiзетiн құрал.Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше. Қамшы -  өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ержігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал дей салуға болмайды. Бұл қолөнер туындысы, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Ата-бабаларымыз қамшысы арқылы өз көз қарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген.

                           

Ермексаздан «Қамшы» жасау

 

 

           

 Сурет салу сабағында «Қамшының» суретін салу

 

 

 Ата – бабамыздан мұра болып келе  жатқан киелі бұйым - қамшы

 

                   

                     Ғасырлардан – ғасырларға жеткен бұл –

                     Қамшы еді қайтаратын жаудан құн.

                     Соңғы ғасыр аяғында жоғалып,

                     Қазақтардың сесі кетіп, болған құл.

                     Қамшы арқылы талай сырды беретін,

                     Қамшы тастап, не ой барын білетін.

                     Қазақ бабам мінгенінде кәріне,

                     Жерді дағы жон арқадан тілетін

 

Міне, біздің бөбекжайымызда осындай іс – шаралар ұйымшылдықпен жүргізілді.