Ата-аналармен жүргізілген семинар
КМҚК №14 «Балдырған»бөбекжайында 2019жылдың 11 қараша күні ҚР Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылддығы мен ратификациялауының 25 жылдығына арналған «Зорлық, зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналармен қонақтардың қатысуымен семинар өтті.
Семинарға:
-Жезқазған қаласы маслихат депутаты Көпбаев Бақытжан Игенұлы,
-Жергілікті бұқаралық ақпараттық құрал өкілі Тусупов Ізтөлеу Бекенұлы,
-Жезқазған қаласының наиб имамы Сейдахметов Абылай шақырылды.
- директор А.Дюсенбаева жиналысқа қатысушы ата-аналарға шақырылған қонақтармен, әріптестерін таныстырды. Күн тәртібімен таныстырды. Дюсенбаева А семинарға қатысушыларға түсінікті болу үшін бөбекжайдың тұрмыс тіршілігі жайында, бөбекжай ұжымының 2019-2020 оқу жылына қандай дайындықпен келгені туралы қысқаша баяндап берді. Жаз бойы жүргізілген жөндеу жұмыстарына да тоқталды.
- Одан кейін сөз алған Көпбаев Б.И дүниежүзілік балалар күні(20 қараша) және бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанына 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығы екенін айта отырып, қысқаша бала құқығы туралы заңнын баптарына тоқталды. (Қосымша теледидардаен «Бала құқығы туралы Конвенция баптарына сәйкес суреттермен көрсетіліп тұрды. Отбасындағы зорлық,зомбылық, қатігездік туралы мысал келтіре отырып айтып берді. Ата-аналардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
3.Үшінші болып сөз алған наиб имам Сейдахметов А.А қазіргі автоматтанған, цифрланған, шапшаңдық заманында адамдарға бір-біріне деген мейірімділік, басқа түскен іске сабырлықпен қарау, қиыншылыққа төзімділікпен қараудың жетіспей жататыны, керісінше, ашушаңдық пен, қастандықтың, өшпенділіктің белең алып бара жатқанын айта келіп, бала Алла тағаланың берген сыйы екенін, балаға салған күш жігер мен қаржының қайтарымы болатынына тоқталды. Бала тәрбиесінде қазақи ұлттық қасиеттердің туған туыс пен бауырлар арасындағы татулықты насихаттауға шақырды.
4.Бөбекжайымыздың педагог-психологы Булегенова М.Қ ата-аналарға таратылған әріптерге байланысты баланы мейірлене еркелету сөздерін атайтын «Сіз балаңызды қалай еркелетесіз» тренингін жүргізді. Ата-аналар орындарынан тұрып, әртүрлі еркелету сөздерін айтып, сергіп қалды
5.Бөбекжайымыздың әдіскері Кисибаева С.Қ 2019-2020 оқу жылының жылдық міндеттерімен , мақсатымен таныстырды. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарға толығырақ тоқталды. Әдіскер Бөбекжай 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясының аяқталғанын , педагогтердің, тәрбиеленушілердің жеткен жетістіктері мен ата-аналармен жүргізілген іс-шараларды теледидардан слайд түрінде көрсете отырып, әңгімелеп берді.
6.Жергілікті бұқаралық ақпараттық құрал өкілі Тусупов Ізтөлеу Бекенұлы бүгінгі көтеріліп жатқан тақырыптың өте өзекті екеніне тоқталды. Ата-аналармен балабақша ұжымы арасындағы ынтымақтастық байланыстың бала тәрбиесінде жемісін беретінін баса айтты.Семинардың бөбекжай ұжымы мен ата-аналар үшін тәрбиелік мәні зор, айтылған әңгімелер мен көрсетілген айғақтардың жан-жақты әрі түсінікті болғанына тоқталды. Жергілікті Сарыарқа газетіне осы семинар жайында жазатынын айтт.
7.Отырған барлық ата-аналарға «Баланы мадақтау мен жазалау» тақырыбында Жаднама таратылды .
Директор А Дюсенбаева шақырылған қонақтар мен бүгінгі тәрбиелік мәні зор семинарға қатысқан ата-аналарға алғыс айтты
КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжай директоры А.Дюсенбаева
Телефон 87055884451